384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да «Нұрлы жер» бойынша жыл соңына дейін 59 үй тапсырылады

  • 157
  • UPD: 14:02, 12.07.2019
БҚО-да «Нұрлы жер» бойынша жыл соңына дейін 59 үй тапсырылады

Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысы қарқын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері 245 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілген. Желтоқсан айына дейін тағы осынша көлемде үй салынады. Қазір «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Оралда 15, Ақсайда екі көп қабатты және аудандарда119 тұрғын үй бой көтеріп келеді. Бұл шамамен 3 мыңдай пәтер. Жыл соңына қарай облыс орталығында 9 көп қабатты үй және ауылдарда 50 баспана тұрғызылады. Одан қалды көп балалы отбасылар пәтермен қамтылады. Олар үшін 177 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. Қосымша 66 дайын пәтер сатып алынады.

Әлібек Антазиев, БҚО құрылыс басқармасының басшысы:

- Сонымен қатар Орал қаласында және Батыс Қазақстан облысының бес ауданында 17 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жылдың соңына дейін 16 нысан қолданысқа беріледі.

Хабар 24 телеарнасы