384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кербұлақ ауданында 110 мың тонна мал азығы дайындалды

  • 136
  • UPD: 14:10, 12.07.2019
Кербұлақ ауданында 110 мың тонна мал азығы дайындалды

Алматы облысының Кербұлақ ауданында 255 мың қой, 73 мыңнан аса жылқы мен сиыр бар.

Төрт-түлікті түлетіп отырған шаруалар қазір қысқы мал азығын қамдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Науқан кезінде күн райы да қолайлы болып тұр. Жауын-шашынның мол түсуінен шөптің шығымы да жақсы. Шабындықтың алғашқы кезеңінде-ақ қожалық иелері шөп қорының 70%-тен астамын жинап алды. Көк майсаға шалғы салған шаруалардың бірі - Мақсат Оспанов. Ол өзіне тиесілі 200 гектардан астам жердегі шабындықтың басым бөлігін шауып үлгерді. Шетінен қыстағына жеткізіп жатыр. «Былтырғыға қарағанда биыл көктің көтерілуі көңілден шығып отыр», - дейді шаруа.

Мақсат Оспанов, қожалық жетекшісі:

- Былтыр мысалы мына жерлерден 100 рулон шықса, биыл 300 рулон шығып отыр. Жалпы биыл бәрі жақсы болып тұр.

Жалғас Қатжанов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Жоспарымыз бойынша 185 мың тонна мал азығын дайындай жоспарланған. Бүгінгі күнге 110 мың тоннасы дайындалды. Оның сыртында жемдік азығымыз, сенажымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы