384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда бір айда 9 адам суға кеткен

  • 125
  • UPD: 14:16, 12.07.2019
Таразда бір айда 9 адам суға кеткен

Тараздағы су қоймаларында алкогольді ішімдік ішкен 13 адамға 126 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар рұқсат етілмеген жерде суға шомылған 19 адам ескерту алды. Мамандар мұндай шаралар қайғылы оқиғаларды азайтады деген сенімде. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар барлық су қоймаларын бақылауға алып, қауіпсіздікті сақтауға қатысты ақпараттар таратты. Аптап ыстықта су жағалап кеткен қала тұрғындары, көбінесе, арнайы жабдықталмаған жағажайларда суға түсуді әдетке айналдырған. Өкініштісі, шомылу маусымы басталған бір айда 9 адам суға кеткен. Олардың төртеуі - бала.

Айгүл Шахабаева, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басқармасының аға инженері:

- Атқарушы билік органдары, жергілікті полиция және Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, 393 тексеру жүргізді. Адамдардың суға батып кетуіне негізгі себеп - қауіпсіздіктің сақталмауы. Екіншіден, спирттік ішімдіктерді ішіп, мас күйде суға шомылуы. Сонымен қатар балаларды қараусыз қалдыру қайңылы жағдайға душар етеді.

Хабар 24 телеарнасы