384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жәрмеңкеге 200 тонна азық-түлік әкелінді

  • 118
  • UPD: 17:36, 12.07.2019

Арыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Тұтынушыларға жеміс-жидек, көкөніс, балық пен еттің мол қоры ұсынылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азық-түлік бағасы нарық құнынан 30%-ке арзанға сатылды. Жергілікті тауар өндірушілер 200 тонна өнімді саудаға шығарды. Атап өтерлігі, бақша дақылдары егіс басынан жеткізілген. Жалпы, бүгінгі жәрмеңкеге 62 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі әкелінген.

Айжамал Сейфуллаева, Арыс қаласының тұрғыны:

- Бүгін жәрмеңке деген соң келіп едім. Бағалары ұнап жатыр, қонымды. Ұйымдастырушыларға рахмет, халықтың жағдайын ойлап жатыр ғой.

Нұрбек Бадырақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Мына Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты облыстық тауар өндірушілері бей-жай қарап қалмады. Апат болған күннен бастап Түркістан облысының әкімдігіне бірнеше рет хабарламалар көптеп түсті. Яғни өз өнімдерінің бір бөлігін тұрғындарға өз еріктерімен босатты. Бұнымен қарап қалмай, екінші рет Арыс қаласының тұрғындарына өнімдерін ұсынып отыр.

Хабар 24 телеарнасы