384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің үздік учаскелік инспекторлары анықталды

  • 128
  • UPD: 15:32, 12.07.2019
Еліміздің үздік учаскелік инспекторлары анықталды

Еліміздің үздік учаскелік инспекторлары анықталды. Жеңімпаздарға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мерзімінен бұрын атақ беріп, арнайы марапаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін «Полияцияның ең үздік учаскелік инспекторы» байқауы жарияланып, әлеуметтік желіде дауыс беру арқылы үздіктер анықталған болатын. Осыған орай бүгін учаскелік сақшылардың республикалық слеті өтіп, оған 250-ден астам полиция қатысты.

Айта кету керек, елімізде 6500-ге жуық учаскелік инспектор бар. Олардың көмегімен жыл сайын 40 мыңнан аса қылмыстың беті ашылады. Жалпы қоғамдық тәртіп сақтауда әрдайым алғы шепте тұратын олардың жұмысы қашанда өзекті. Сондықтан сала басшысы биылғы шілдеден бастап, оларға баспана бойынша өтемақы төленетіндігін айтты. Әрі полиция қатарына салалық мамандардың да жетіспейтінін алға тартты.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Біздің салада кибер қауіпсіздікті дамыту қажет. Сондықтан дәл осы салада оқытатын университеттердің ІТ бағытында білім алған түлектерін тартуды көздеп отырмыз. Себебі, бұл полиция академиясында аса дамымаған. Сонымен қатар жоғары оқу орындарын бітірген білімді заңгер мамандарды да қабылдаймыз.

Қанат Нарбеков, учаскелік полиция инспекторы (Жамбыл облысы):

- Тек қана бізге жұмыс істеу керек. Барлық мүмкіндіктер жасалды. Қызметтік автокөлікпен қамтып жатыр. Учаскелік инспекторлар тұрғын үймен қамтылған. Жамбыл облысы бойынша барлық учаскелік инспектрлар қызметтік көлікпен қамтылған.

Хабар 24 телеарнасы