384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 процентке өсті

  • 120
  • UPD: 23:38, 12.07.2019
Қарағанды облысында медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 процентке өсті

Қарағанды облысында 19 398 дәрігер мен мейірбикенің жалақысы 30 пайызға өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы қызметтік жалақы емес нақты қолына алатын қаражат артып отыр. Орта және кіші буын медицина саласының мамандарының да жалақысы 22-ден 30 пайызға өсіп отыр. Бұл ретте барлық есептеу шаралары еңбек өтілі, тәжірибесі мен қызмет аясына қатысты жүргізіледі. 15 жыл еңбек өтілі бар Любовь Моцная – емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері. Ол жалақының артуы мамандарды қуанышқа бөлегенін жеткізуде.

Любовь Моцная, жалпы тәжірибелік дәрігер:

– Әрине, медициналық қызметкерлердің көңіл-күйі көтерілді. Мемлекет уәде бергендей, жалақымызды 30 пайызға көтерді. Ақхалаттылардың жұмысқа деген ынтасы одан әрі артып, көрсетілетін медициналық қызметтің де сапасы көтеріледі деп сенемін. Оған халық өз бағасын берер.

Хабар 24 телеарнасы