384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс қайтадан тазартыла бастады

  • 108
  • UPD: 23:37, 12.07.2019

Әскерилер Арыс қаласының маңындағы елді мекендерді қайтадан тазартуға кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Ақ дала, Дермене ауылдарында жүргізілген жұмыстар аяқталды. Бұл туралы бүгін өткен брифинг барысында еліміздің Қорғаныс министрлігінің өкілі мәлімдеді. «Радиацияға байланысты мониторинг еш үзілмейді. Барлық көрсеткіштер қалыпты деңгейде», – дейді мамандар. Сонымен қатар Арыс қаласынан 60 шақырым жерде снарядтарды жою жұмыстары жүріп жатқанын айта кетейік. Осы оқиғаға байланысты әлеуметтік желіде жалған ақпараттың тарап кеткені де расталды. 

Қайыргелді Құсайынов, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі:

– Нақтырақ айтсақ, WhatsApp желісінде 11 шілде күні «Луна» зымыран кешеніне байланысты жалған ақпарат тарады. Онда 12-15 шілде аралығында сондай зымырандардың қала аумағынан шығарылуына байланысты тұрғындар қайтадан қауіпсіз жерге көшіріледі делінген еді. Мұндай қауесетті Арыс қаласының тұрғыны Жақсылықова Роза Асмаханқызының таратқаны анықталды.

Хабар 24 телеарнасы