384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісмендер зауыттарда отандық өнімді арттыру керектігін айтты

  • 126
  • UPD: 23:37, 12.07.2019
Мәжілісмендер зауыттарда отандық өнімді арттыру керектігін айтты

Біріккен кәсіпорындарда қазақстандық мазмұнды арттыру басты назарда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ақтөбедегі мұнай жабдықтары зауытының жұмысшыларымен кездескен Мәжіліс депутаттары мәлімдеді. Кәсіпорын еңбекшілерінің хал-жағдайын сұрап, олардың сауалдарына жауап берді. 2017 жылы ашылған өндіріс орнында 200-ден астам адам еңбек етеді. Шығаратын негізгі өнімі мұнай-газ жабдықтары мен сорғылау-компрессорлық, шегендеу құбырлары елдегі алпауыт компаниялардың сұранысына ие. Бұдан бөлек Ресей және Қытай нарығына да жөнелтіледі. Осыған дейін өңірдің Мәртөк, Мұғалжар аудандары мен Ақтөбенің бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарында болған Мәжілістің бес депутаты тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-тілектерін жинақтады. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен де танысты. Ал «Қазақстан мұнай жабдықтары зауытының» басшылығына отандық өнімді арттыру мен жұмысшылардың жағдайына көңіл бөлу керектігін атап өтті.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі:

– Бұл Қытай технологиясымен, жабдықтарымен болғанымен, мекеме – қазақстандық мекеме. Сондықтан қазақстандық құрылым – басты мәселе. Қызақстанда шығарылатын құралдарды, жабдықтарды мұнай компаниялары пайдалануға тиіс.

Хабар 24 телеарнасы