384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ИИДМ тұрғындарға жақын бола түсті

  • 113
  • UPD: 23:35, 12.07.2019
ҚР ИИДМ тұрғындарға жақын бола түсті

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне айтар талап-тілегіңіз, арыз-шағымыңыз болса, «Адалдық алаңы» кабинетіне барасыз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министрлік пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бірігіп, осындай жобаны іске асырды. Кабинет министрлік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Есігінің алдында күзет жоқ, еркін кіресіз. Бұрын басшылық бекіткен арнайы қабылдау күндерін күтуге тура келетін еді.

Жалпы, «Адалдық алаңы» жобасының мақсаты – жемқорлықтың алдын алу. Жалпыға бірдей қабылдауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметке деген халықтың сенімін арттыру. Министрлік жемқорлыққа қарсы саясат пен стандарт құжатын енгізіп, көлік, өнеркәсіптік қауіпсіздік, геология және жер қойнауын пайдалану, метрология салаларындағы бақылау-қадағалау функцияларын 30 процентке қысқартқан.

Лаура Садықова, ҚР ИИДМ жобалық кеңсесінің басшысы:

– Бұл кеңседе 5 министрліктің қызметкері жұмыс жасап отыр. Олар өздерінің негізгі жұмыстарынан босатылып, тек осы мәселе бойынша жұмыс атқарып жатыр. Сенім телефоны істеп тұрған болатын. Басшылықтың тарапынан қабылдау күндері бар. Онымен қоса бізде қоғамдық бақылау, кеңес бар. Соларға да беруге мүмкіндік болған. Қазір ашықтық мүмкіндігін кеңейтіп жатырмыз.

 

Хабар 24 телеарнасы