384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте медицина қызметкерлерінің жалақысы өсті

  • 114
  • UPD: 07:26, 13.07.2019
Шымкентте медицина қызметкерлерінің жалақысы өсті

Шымкентте 14 мыңдай медицина қызметкерінің жалақысы көтерілді. Дәрігерлер, медбикелер мен санитарлардың еңбекақысына 30 %-ке дейін үстемеақы қосылды деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Солардың бірі Таңсық Абдуллаев. Оның балалар хирургі боп жұмыс істеп келе жатқанына 5 жылдан асқан. Жалпы еңбекақысы көтерілген медицина мамандары арнайы бағдарлама аясында оқыту курстарынан өткендер.

Таңсық Абдуллаев, қалалық балалар клиникалық ауруханасының хирургі:

- Бүкіл медицина саласындағы қызметкерлер үшін өте қуанышты жағдай болып жатыр. Жалақы өссе дәрігердің жұмыс сапасы да артады. Өзіміздің аурухана жағынан біз оқуға көп барып тұрамыз. Осы жақында мен оқуға барып келдім нейрохирургия саласы бойынша. 4 ай біріншілік оқу оқып келдім.

Хабар 24 телеарнасы