389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандық дәрігерлер алғаш рет тізе буынына операция жасады

  • 193
  • UPD: 07:32, 13.07.2019
Түркістандық дәрігерлер алғаш рет тізе буынына операция жасады

Емдік шара бұған дейін Шымкентте жасалып келген еді. Жергілікті мамандар қиын операцияны түркиялық әріптестерімен бірлесе сәтті аяқтап шықты.

Айта кетейік, шетелден шақырылған мамандар Түркістан қаласында біліктілік арттыру курсын өткізіп жатыр. Дәрістің алғашқы күні теориялық сабақтарға арналды. Қатысушылар баяндамаларды тыңдап, қызықтырған сауалдарына жан-жақты жауап алды. Ал алдағы күндері тараптар тағы бірнеше күрделі операцияларды жасамақшы.   

Эврим Ширин, травматолог-ортопед /Түркия/:

- Өз басым қазақ жеріне алғаш рет келіп отырмын. Медицина саласы бойынша білгенімді әріптестеріммен бөлісуге дайынмын. Жергілікті дәрігерлердің шеберлік сабақтарынан үйренері көп. Дәрістен бөлек күрделі операцияларды бірлесе жасаймыз. Науқастарға, әсіресе Арыстағы жарылыстан жараланған тұрғындардың жағдайымен танысып, емдік шараларды көрсетуді бастадық.

Хабар 24 телеарнасы