389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда зейнеткерлерге телефоннан «Telegram-бот» жүктемесін қолдану реті көрсетілді

  • 355
  • UPD: 09:08, 13.07.2019

Цифрлық ақпараттық технологияларды дамытудың нәтижесінде мемлекеттік қызмет түрлерін үйден шықпай-ақ алуға болады.

Алматыда «Цифрлан! Қатардан қалма» шарасы өтті. Онда Түрксіб ауданында тұратын зейнеткерлерге ұялы телефонындағы «ТелеграмБот» жүктемесін қолдану реті көрсетілді. Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қарияларға мобильдік телефон арқылы қолжетімді мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болатынын үйретті. «ЕговКзБот» жүктемесін көшіру әрі пайдалану оңай. Смартфон қолданушылар бұл қосымша арқылы былтыр 3 млн қызметті пайдаланған. Айта кетейік, қазіргі таңда Егов.кз тізіліміндегі 752 мемлекеттік қызметтің 506-сы, яғни 67 проценті электрондық форматта қолжетімді. 

Ғұнари Матбуса, Түрксіб аудандық хқко басшысының орынбасары:

- Сол 24 қызмет түрі ішінде ең көп сұралатын мекенжай анықтамасы, басында үйі бар үйі жоқ деген анықтама. Медициналық организацияларға тіркеу, дәрігерді үйіне шақыру ең қажетті осы күні әрқшанда пайдаланатын қызмет түрлерінің барлығы осы Тлеграмбот арқылы қазіргі таңда қолжетімді болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы