384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорданың жазаны өтеу мекемесінен бір уақытта 31 адам бостандыққа шықты

  • 119
  • UPD: 09:09, 13.07.2019

Қызылорда қаласындағы ЗК 169\5 түзеу мекемесінен бір мезетте 31 адам бостандыққа шықты.

Мұндай ізгілік актісі қылмыстық атқару жүйесінде алғаш рет тіркеліп отыр. Абақтыдағы тәртібі ескерілген 16 сотталушының жазасы жеңілдетілсе, қалған 15-і  шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Темір тордан шыққан азаматтар әлеуметтік көмек көрсету және жұмыспен қамту орталығына жолданды. 1995 жылдары түрмедегі адамдардың көрсеткіші бойынша әлемде 3-орында тұрған Қазақстан ізгілендіру реформаларын жүзеге асыру арқылы қазір 95-сатыға түсті. Жүріс-тұрысы, тәртібі түзелгендерді абақтыдан босату шаралары түзеу мекемесіндегі 600-ге жуық сотталушыға үлгі болады деп санайды сала мамандары.     

Жалғас Есмаханов, облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бас маманы:

- Қылмыс санатына байланысты мәселен аса ауыр қылмыстар 4 тен 3-ін осы мекемеде өтесе қалған 4 тен 1-ін бостандықта өтейді. Ал орташа ауырлықтағы қылмыс болса керісінше. 3 тен 1-ін мекемеде өтесе, 3 тен 2-ін бостандықта өтейді. Қылмыстық Кодекстің 72-73 баптарына сәйкес, егер 72-баппен босатылса ішкі істер органдарының бақылауында болады. Ал егер 73-баппен босатылса пробация қызметінің бақылауында болады.

Хабар 24 телеарнасы