383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер туған жерге саябақ тарту етті

  • 109
  • UPD: 10:27, 13.07.2019

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында «Туған жер» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатыр.

Науалы ауылындағы орта мектепті осыдан 20 жыл бұрын тамамдаған түлектер жергілікті халыққа арнап, саябақ тұрғызды. Бұрын бос жатқан алқапқа балалар ойын алаңы, сахна, фонтан орнатылып, әдемі демалыс орнына айналды. 5 миллион теңге болатын жобаны сыныптастар бір ауыздан қолдаған. Олар өздері шетелге демалуға жинаған қаражатын осындай игі шараға жұмсауды жөн деп санапты. Соңғы жылдары ауданның меценаттары мен белді кәсіпкерлерінің арқасында 26 мектепте жалпы құны 300 миллион теңгеден асатын 47 жаңа кабинет іске қосылған.

Ұлан Сәрсенбаев, жобаны ұйымдастырушы:

- Бір бала қуанса, мың періште қуанады дегендей, ауылымызда сұранып тұрған, балалар саябағы жоқ болатын. Соны ақылдаса келе осыны салуға ниет білдірдік. 14 бала сынып жігіттері тепсе темір үзетін қосылып, қаражаттарын шығарып, осындай игі істі бастап жемісін көрудеміз. Ауыл дән риза, балалар қуанышты, келіп ойнауда.

Хабар 24 телеарнасы