389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«ҚазТрансГазАймақ» АҚ кәсіпкерлерден тауарлық газға заңсыз төлемақы талап еткен

  • 249
  • UPD: 15:53, 13.07.2019

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ кәсіпкерлерден артық жұмсалған тауарлық газға заңсыз төлемақы талап еткен.

Бұл деректерді Атырау қаласының прокуратурасы анықтады. Атап айтар болсақ, монополист кәсіпорын артық жұмсалған газ есебін өздеріне пайда әкелетіндей етіп қолданған. Көгілдір отын желісінен айырылып қалудан қорыққан кәсіпкерлер белгіленген төлеммен келісуге мәжбүр болған. Ал заң бойынша монополист ҚР Энергетика министрінің «Тауарлық және сұйытылған мұнай-газ өнімдерін бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес 1,5 коэффициентті тек артық пайдаланылған газ көлеміне ғана қолдануы тиіс еді. 

Қанат Қабдолов, облыстық прокуратураның ресми өкілі:

- Алайда аталған коэффициент мөлшерін барлық пайдаланылған газға есептеген. Жалпы 2018 жылдың қараша және желтоқсан айларында 800 кәсіпкерге 45 млн теңгеге заңсыз төлем белгіленген. Прокуратура актісімен заңсыз төлем туралы құжаттың күші жойылып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Акционерлік қоғамның 2 жауапты қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы