384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында аптап ыстық басылмай тұр

  • 152
  • UPD: 15:14, 13.07.2019
Жамбыл облысында аптап ыстық басылмай тұр

Жамбыл облысында аптап ыстық келесі жұмаға дейін созылады деген болжам бар.

«Қазгидромет» орталығы қызметкерлерінің айтуынша, сынап бағанасы 42 градусқа дейін көтеріледі. Тұрғындар  бассейндер мен қалалық жағажайлардан сая іздеуде. Шомылуға тыйым салынған жерлерде де суға түсіп жүрген халықтың қарасы қалың. Шомылу маусымы ашылғалы 10 адам суға кетті. Оқыс оқиғаларға жол бермеу үшін, құтқарушылар күшейтілген тәртіпте қызмет етуде.  Бұл күндері жедел-жәрдем мамандарына жүгінушілердің саны да 20 пайызға артқан. Мәселен, осы аптаның өзінде қала тұрғындарынан 7 мыңға жуық қоңырау қабылданған. 

Жанар Қадырбаева, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының аға дәрігері:

- Бұл күндері далаға көп шықпай, сақтанған жөн.Әсіресе денсаулықтары сыр беретін жандар күні бойы үйде болып, тек кешқұрым далаға шыққандары дұрыс.  Бас киімсіз жүрмеу керек. Суды көбірек ішіп, энергетикалық және газды сусындардан бас тартқан жөн.

Хабар 24 телеарнасы