389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада масаға қарсы дезинсекциялық жұмыстар жалғасуда

  • 249
Елордада масаға қарсы дезинсекциялық жұмыстар жалғасуда

Қала аумағын өңдеу 4 аудандық әкімдіктердің күшімен жүргізілуде.

Қаланың тұрғындар ең көп баратын аумақтарына ерекше назар аударылатын болады. Бүгін Алматы ауданы әкімдігінің мердігерлік ұйымы «Триатлон», «Президентский» саябақтарының аумағында, сондай-ақ Б.Момышұлы ескерткішіне, «Хайвил» ТК, «Гранд Астана» ТК, «Французский квартал» ТК және Панфилов көшесінің бойындағы Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде масаларға қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Жұмысқа 3 бригада, 3 автокөлік, 3 биолог тартылды, сондай-ақ термогенераторлар, жел генераторы, Роторлық бүріккіштер жұмылдырылды. Жұмыстар сағат 22:00-ден 5:00-ге дейін жүргізіледі.

Байқоңыр ауданы бойынша сағат 22:00-де А. Иманов, А. Сембинов, А.Пушкин, Кенесары көшелері бойынша дезинсекциялық жұмыстар жүргізілуде. Барлығы 1 биолог, 10 дезинфектор, 1 бригадир, 1 құюшы, 3 термогенератор жұмылдырылды.

Есіл ауданы бойынша әкімдіктің мердігер ұйымы 22:00-ден сағат 5:00 «Шығыс Ильинка» тұрғын алабы, KADEX көрме орталығының аумағы, «Есіл» өзенінің жағалауында масаға қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Жұмысқа 8 адамнан 5 бригада, 4 автокөлік, 2 биолог тартылды. Жұмыстарды термогенераторлар, роторлық бүріккіштер жүргізбек.

Сарыарқа ауданы бойынша масаларға қарсы өңдеу «Агрогородок» аумағында жүргізілетін болады. 2 бригада, 2 термогенератор бригадасы, 1 бригадир, 2 бірлік автокөлік, 2 құйғыш, 1 бірлік ДУ-1000 жұмылдырылды. Қосымша 1 бригада, жұмыс уақыты сағат 5:00-ден 8:00-ге дейін.

Хабар 24 телеарнасы