384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы жәрмеңкеге Жамбыл облысынан 230 тонна өнім әкелінді

  • 397
Астанадағы жәрмеңкеге Жамбыл облысынан 230 тонна өнім әкелінді Новое Телевидение

13 және 14 шілдеде Қазақстан спорт кешенінің аумағында аймақтық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде, онда Жамбыл облысы өз өнімдерін ұсынады.

Әкелінетін өнімдердің жалпы көлемі шамамен 230 тоннаға жуық, 110 млн тг болады. Жәрмеңкелерде баға нарықтық бағалардан 10-15% төмен, бұл қала тұрғындары мен қонақтарына бірнеше аптаға бұрын қолжетімді бағамен өнімдерді сатып алуға мүмкіндік береді.

Жәрмеңкеде әртүрлі өнімдер ұсынылады (қырыққабат, қияр, сәбіз, қызынық, жемістер, балық, сары май, сүт, сүт және қышқыл сүт өнімдері, көкөністер мен печенье, кәмпит, күріш, макарон өнімдері, нан және нан-тоқаш өнімдері және т.б.).

Ауылшаруашылық өнімдерімен қатар жәрмеңкенің аумағында концерттік бағдарлама ұсынылады, онда әрбір қатысушы өңірдің мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсететін көркемдік топтар қатысады.
Ақпарат көзі: Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы