389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қарағанды-Балқаш» тас жолының құрылысы қатаң бақылауға алынды

  • 276
  • UPD: 07:47, 14.07.2019
«Қарағанды-Балқаш» тас жолының құрылысы қатаң бақылауға алынды

«Қарағанды-Балқаш» тас жолының құрылыс барысы арнайы комиссия бақылауына алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық стандарттарға сай жол төрт жолақты болып кеңейтіледі. Арнайы қоршаулармен бөлініп, жоғарғы қабаты қиыршықтас пен мастикалық асфальт бетонымен жабылады. Жоба бойынша төрт мердігер компания жұмыс істеп жатыр. Балхаш пен Қарағандыны жалғаған күре жолдарды жөндеу жұмыстары аясында мамандар тапшылығы да жоқ емес. Қазір жобаны жүзеге асыру үшін 860 жұмысшы қажет. Облыс басшысының тапсыруымен мобильді кеңсе құрылып,бос жұмыс орындарына қабылдау жүргізілмек.

Әскербек Халтонов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Мобильді кеңселер де, штаб та күнделікті жұмыс істейтін болады. Балхаш, Қарағанды және Шет аудандарында орналасатын мобильді кеңселерде мердігер компаниялардың кадрлық қызметкерлері қабылдау жүргізеді. Біз құрылыс барысының сапасын бақылап, кадр тапшылығы сынды мәселелердің шешімін табатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы