389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкерлері көз жұмды

  • 392
  • UPD: 11:43, 14.07.2019
Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкерлері көз жұмды КазТАГ

Полицейлер мінген қызметтік көлік пен көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар Алматы - Екатеринбург тасжолында жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасжолдың 380-шақырымында SsanYong маркалы автокөлік аударылғаны туралы хабар Жамбыл облыстық полиция департаменті кезекші бөліміне 13 шілдеде 17:35-те түскен.

«Жол-көлік оқғиасы салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері және бір Өзбекстан Республикасының азаматы қаза тапқан. Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзғандарды жеткізу кезінде болған», - делінген хабарламада.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы