389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 1700 дәрігердің жалақысы өсті

  • 234
  • UPD: 13:41, 14.07.2019
Ақмола облысында 1700 дәрігердің жалақысы өсті

Ақмола облысының дәрігерлері де жалақының көтерілуі туралы жаңалықты қуанышпен қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта 1700 дәрігер және 6 мыңға жуық орта жән кіші буынды медициналық қызметкердің жалақылары 30% өсті. Валентина Гришмановская - Көкшетау қалалық емханасының жұқпалы ауруларға қарсы дәрігері. Бір апта бұрын қолына жаңа жалақының түбіртегін алды. Көп жылғы еңбек өтілі бар кәсіби маман «басында өз көзіме өзім сенбей қалдым», - дейді.

Енді ол күнделікті тұрмыстан артылған ақшасын демалысқа, болмаса басқа да қажеттіліктеріне жарата алады. «Өзім еңбек етіп келе жатқан 31 жылда дәрігерлердің жалақысы талай мәрте көтерілген, бірақ осы жолы көңілден шықты», - дейді.

Сонымен қатар еңбекақының өсуі медицина саласына жас мамандардың қызығушылығын арттырады. Өйткені қазір аймақта дәрігер-мамандардың тапшылығы қатты байқалып тұр. Мәселен бүгінгі күнге облыс бойынша 450-ге жуық түрлі буындағы медицина қызметкері жетіспейді.

Валентина Гришмановская, инфекционист:

- Күні бүгінге дейін тап осындай көлемде жалақымыз өскен емес. Өте қуаныштымыз. Үнемі жұмыс қана емес жеке отбасылық тұрмысызды да ойлауымыз қажет. Ал жалақының көтерілуі алаңсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Дәрігерлер де ел қатарлы демалып, тұрмысын түзеуі қажет деп ойлаймын. Сондықтан жалақының көтерілуі еңсемізді де бір көтеріп тастады.

Хабар 24 телеарнасы