383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да биыл «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1 мыңдай адам кәсіпкерлік курсынан өтеді

  • 98
  • UPD: 16:06, 14.07.2019

Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл ауылында Батырлан Шәкішев деген жас жігіт «Бастау Бизнес» жобасына қатысып, аудандағы алғашқы білім беру кешенін ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір онда 100 шақты бала түрлі үйірме-сабақтарға қатысып, өздерін өзге қырынан танытып жүр.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Бұл – ағылшын сабағы. 3-ші сыныпқа көшкен Даяна Зекентаева жазғы каникулында демалып қана қоймай, шет тілін жетілдіріп жүр. Ол осында күнде келеді.

Даяна Зекентаева, білім беру кешенінің тәрбиеленушісі:

- Маған ағылшын тілі ұнайды Өйткені біз онда қызықты тапсырмалар орындаймыз. Ағылшын тілінде мен сөйлемдеп оқи аламын. Мәтіндер, әндер айта аламын. Сосын сұрақтарға жауап беремін.

Білім беру кешеніне Даянамен бірге 100 шақты бала келеді. Олар менталды арифметика, жылдам оқу, көркем жазу, шахмат, би, текше жинау, қолданбалы өнер секілді үйірмелерге қатысады. Мектепке дайындалады.

Сәбира Ескендірова, білім беру кешенінің тәрбиешісі:

- Біздің арамызда үйренемін деген 4 жастағы бала бар. Біз енді оларға көбіне қазақ тілінен береміз. Қазақ тілін үйренуге және де міне, математика сабағы, сауат ашу болсын, әр түрлі сабақтар жүреді.

Ата-аналардың арманын Батырлан Шәкішев орындады. Ол «Бастау Бизнес» жобасы бойынша Айыртау ауданындағы алғашқы білім беру кешінін ашып отыр. Мақсаты біреу ғана.

Батырлан Шәкішев, білім беру кешінінің директоры:

- Мақсатым - балаларды оқытып, оларға білім беру, талантын ашу. Сол робототехника, компьютер курсын сұрап отыр.

Биыл облыста «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1 мыңдай адам кәсіпкерлік курсынан өтеді. Олар да 25 жастағы Батырлан секілді батыл қадам жасап, бизнесмен бола алады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы