383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысынан келген жеткіншектер Астана Опера театрында қонақта болды

  • 97
  • UPD: 19:49, 14.07.2019
Түркістан облысынан келген жеткіншектер Астана Опера театрында қонақта болды

Түркістан облысының бірнеше қаласы мен аудандарынан 150 бала бас қалаға келді.

Мұнда балғындарға арнайы саяхат ұйымдастырылды. Мәселен, бүгін олар белгілі өнер ордасы Астана Опера театрының қонағы болды. Экскурсия барысында, ғимаратты салу идеясынан бөлек бүгінгі күнге дейін онда қандай маңызды шаралардың өткені жайлы мәлімет берілді. Кейін балалар концерт тамашалады. Бағдарлама аясында 15 музыкалық қойылым көрсетілді. Сондай-ақ өрендер аспапта ойнау шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алды.

Уәлихан Монтаев, ұйымдастырушы:

- Nur Otan партиясының әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша жартылай жетім балалар, әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан 150 баланы осында алып келдік. Олар жаңағы келіп, жайғасып, қонақ үйге тамақтанып, ең бірінші мұражайдан басталып, содан кейін Хазірет Сұлтан мешітіне, кейін Астана Аренаға барды. Алау мұз айдыны, бүгін ЭКСПО-ға барылды.

Хабар 24 телеарнасы