425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдағы зообақта жануарлардың 15 шақты түрі мекендейді

  • 1184
  • UPD: 15:17, 15.07.2019
Петропавлдағы зообақта жануарлардың 15 шақты түрі мекендейді MyPiter.kZ

Петропавлдағы мәдениет және демалыс саябағында орналасқан байланыс зообақ әсіресе кішкентай балғындардың сүйікті мекеніне айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маусымдық шағын орталықта қырғауыл, ор қояндары, ешкі, шиншилла, сынды жануарлардың он бес шақты түрі ғана мекендейді. Олардың денсаулығын ветеринар дәрігер аптасына бір рет қадағалап отырады. «Ал экзотикалық аңдар мүлдем жоқ. Өйткені оларға ерекше күтім қажет», – дейді мұндағылар.

Капа Крохмаль, зообақтың кассир-кеңесшісі:

– Күн сайын жануарлардың астын тазалаймыз. Жем-азықтарын уақтылы беріп тұрамыз. Ауа райы тым ыстық болғанда, шатырдың бір бөлігін ашып желдетіп тұрамыз. Ал күз кезінде олардың барлығын сатып жібереміз.

Хабар 24 телеарнасы