386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы хайуанаттар бағындағы жолбарыс медициналық жолмен ұйықтатылмақ

  • 207
  • UPD: 15:16, 15.07.2019
caravan.kz caravan.kz

19 жастағы Рада есімді жолбарыстың жағдайы нашарлаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ветеринар болса жасы келген жыртқышты емдегенмен нәтиже болмайды деп отыр. Сондықтан оны ұйықтатуды жөн санапты. Сондай-ақ өткен айда зообақ үш жануардан айырылған. Грация есімді керік 18 жасқа жетіп өлген. Сарапшылардың мәліметінше, жануардың жүрегі сыр беріпті. Оның артынан арыстанның екі күшігі ауырып өлген. Ассоль және Гера есімді күшіктерді хайуанаттар бағына тұрғындар әкеліп өткізген екен. Құжатсыз келген аңдарды тексеру барысында бірқатар ауру анықталып, емдеу нәтиже бермепті.

Юлия Дудкина, Алматы хайуанаттар бағының ғылыми қызметкері:
– Арыстанның екі күшігін бізге әкелгенде ауру болатын. Бір күшіктің бойынан бірнеше ауру белгісі анықталды. Олар дер кезінде екпе алмаған, дұрыс тамақтандырылмаған.

Бауыржан Абызбаев, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
– Бүгіннен бастап заңсыз, құжаты жоқ жануарларды қабылдамаймыз. Тұрғындарға айтарым, жыртқыш аңдарды қолда ұстауға болмайды. Қазір арыстанның күшігін туған күнге сыйлап, асырай алмай, ауырып қалған соң зообаққа әкеле салады.

Хабар 24 телеарнасы