388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Дуамбеков: Еліміздегі хайуанаттар бағының жағдайы мүшкіл

  • 309
  • UPD: 15:14, 15.07.2019
М.Дуамбеков: Еліміздегі хайуанаттар бағының жағдайы мүшкіл

Соңғы жылдары Еуропаның көптеген елдері хайуанаттар бағынан бас тартып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түз тағысы мен жабайы аң-құсты қамауда ұстау қылмыс дейтін мемлекеттер қатары көп. Бүгінде 45 ел хайуанаттар бағының жануарларын табиғи ортасына жіберу туралы шешім қабылдаған. «Қазақстан да сол зайырлы мемлекеттер секілді түз тағысына құрметпен қарағаны дұрыс», – дейді отандық экологтар. Себебі қазір еліміздегі хайуанаттар бағының жағдайы мүшкіл. Тіпті қазақ даласын мекен етпейтін сирек тұқымды аң-құстардың өлімі жиілеп кеткен. Сондықтан жан-жануарлар мен хайуанаттардың аянышты халі сала мамандарын алаңдатып отыр.

«Қоғамдық бақылаудың жоқтығынан хайуанаттарға қатысты заң бұзушылықтар болып жатыр», – дейді эколог Мұсағали Дуамбеков. «Түз тағыларын бағып-күтуді жаны ашитын ветеринар мамандарға беру керек», – дейді ол. «Өйткені қазір хайуанаттар бағында кім көрінген қызмет ете бергендіктен, түрлі келеңсіз жағдайлар болып жатыр. Сонымен қатар үйінен хайуанаттар бағын ашып алған әуесқойлар да жетерлік. Аң-құстың обал-сауабын емес, пайдасын көбірек ойлайтын жекеменшік хайуанаттар бағында жан-жануарларға қатысты қажетті талап сақтала бермейді», – дейді Мұсағали Дуамбеков.  

Мұсағали Дуамбеков, эколог:

– Ондайға көбіне мүмкіндік бермеу керек. Себебі жануарларға жасалған шектеу, себебі кішкентай алаңда өмір сүру мүмкін емес. Соның бірі – жылжымалы зообақтар. Олар ел аралап, жарты жылға өз отандарынан шығып. Оның ішінде ыстықта да, суықта да кәдімгі темір қаңылтырдың үстінде өмір сүреді. Оларға ол жерде жағдай жасалынбайды. Олар еркін өмір сүретін аймақта өмір сүруі керек. Сондықтан жылжымалы зообақтарға де қарсымын. Алматыда, Шымкентте, Бурабайда зообақтар бар. Солардың өзі де жеткілікті. Тіпті бізде хайуандар мен жануарларға қатысты заң конституциямен бекітілген. 6-бап, 26-бабында бар. Ол біздің табиғи ресурсымыз, табиғи байлығымыз. Оған қатысты талаптар, оны қалай алып жүру керек, қалай сақтау керек, қалай тамақ беру керек, қалай емдеу керек дегеннің бәрі заңдарда бар.

Хабар 24 телеарнасы