386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 20 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысы өсті

  • 314
  • UPD: 15:13, 15.07.2019
Жамбыл облысында 20 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысы өсті

«Медицина қызметкерлері жалақысының өсуі қызмет көрсету сапасын арттырып, әсіресе жас мамандардың жұмысқа деген құлшынысын арттырады», – дейді тараздықтар.

Мәселен, №2 қалалық емханада 500-ге жуық ақхалаттының жалақысы артқан, деп хабарлайды «Хабар 24». Ал Жамбыл облысында 20 мыңнан астам медицина қызметкері жаңа төлем жүйесі бойынша еңбек ақыларын ала бастады.

Анар Жунушалиева, №2 қалалық емхана дәрігері:

– Жалақының өсуі үлкен қуаныш. Өйткені емханада әр кез маман тапшылығы байқалып тұрады. Енді жас мамандар жұмысқа көптеп тартылады деген сенім бар. Бұған дейін жұмысқа жаңа орналасқандар 70 мың теңге ғана алса, енді жалақылары 85 мың теңгеге жетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы