389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мүмкіндігі шектеулі жастар ІТ-жобаларын жүзеге асыра алады

  • 292
  • UPD: 15:13, 15.07.2019
Мүмкіндігі шектеулі жастар ІТ-жобаларын жүзеге асыра алады

Осы мақсатта жыл басында арнайы байқау ұйымдастырылған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 90-ға жуық үміткерден өтішін келіп түсіп, 27-сі іріктеуден өтті. Ал ең үздік деген алтауы жартылай финалға жолдама алып отыр. Елордада өткен басқосуда олардың негізгі ерекшелігі мен қоғамға пайдасы таныстырылды. Оның ішінде бағдарламалау, жобаны басқару және робот жасау бағытындағы тың бастамалар бар.

Захира Бегалиева, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қор жетекшісі:

– Жоба ойда қалып кетпесін, сөз жүзінде болып қалмасын деп осы жерге балаларды жинадық. Қазір ең мықты деген менторлар өз тәжірибелерімен бөлісіп жатыр. Нәтижесіне жету үшін жол көрсету мақсаты тұр.

Хабар 24 телеарнасы