386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Routes Silk Road 2019» халықаралық форумы басталды

  • 213
  • UPD: 21:18, 15.07.2019

Елорданың әуежайында екінші ұшу жолағы салынып,,жаңа әуе рейстері ашылуы мүмкін.

Бұл мәселе бас қалада басталған форумда кеңінен талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Routes Silk Road 2019» аталатын алқалы жиынға шетелдерден 250-ден астам адам келген. Олардың қатарында халықаралық авиакомпаниялар мен әуежайлардың топ менеджерлері, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бар. Жалпы «Routes Silk Road 2019» бұл ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінің әуе бағыттарын дамытуға сеп болатын бірегей форум. Шілденің 17-іне дейін жалғасатын жиында авиасервисті дамыту жайы да қаузалады. Бұдан бөлек, туристік қызметпен айналысатын авиакомпания, әуежай мен түрлі ұйым өкілдерінің арасында байланыс орнату сөз болмақ. Осы орайда әуежайларымыздың жұмысы оң бағаланды. Мәселен соңғы 7 жылда біздің ел арқылы қатынайтын әуе көлігі жолаушыларының саны 20 есеге өскен және жылына 900 мыңдай адам тасымалданады.

Талғат Ластаев, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

- Қазір апта сайын 500 рейс жұмыс істейді. 98 әуе көлігі 27 елге ұшады. Бұл көрсеткіш өсіп келеді. Биылғы жылдың өзінде Прага, Улан-Батор, Токиоға жаңа рейстер ашылды.

Хабар 24 телеарнасы