386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да демалыс күндері 10 адам суға батып кете жаздады

  • 177
  • UPD: 20:39, 15.07.2019
СҚО-да демалыс күндері 10 адам суға батып кете жаздады

Солтүстік Қазақстан облысында демалыс күндері суға батып кете жаздаған 10 адам құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың дені балалар. Мәселен, Торанғұл көлінде бір бала үрлемелі матраспен алысқа ұзап кеткен. Қазір өңірде күн ысып, жұрт жаппай суға түсіп жатыр. Жағалауларда ине шаншар орын жоқ. Мамандардың айтуынша, кейбір адамдар рұқсат етілмеген жерлерде шомылады. Бұл ретте төтенше жағдайлар қызметкерлері рейдтік шаралар ұйымдастырып, елге ескерту жасаумен жүр. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша 3 адам суға кетті.

Марат Мұратов, облыстық ТЖД бөлім бастығының м.а.:

- Сонымен қатар демалыс күндері рұқсат етілмеген жерлерде шомылған және ішімдік ішкен 20 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бірінші рет ескерту жасаймыз, ал екінші ретте айыппұл салынады.

Хабар 24 телеарнасы