389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде еуропалық сападағы керамика тақтайшалары шығарылады

  • 241
  • UPD: 07:37, 16.07.2019
Ақтөбеде еуропалық сападағы керамика тақтайшалары шығарылады

Ақтөбеде еуропалық сападағы керамогранит пен керамикалық тақтайшалар шығарылады.

Қазір зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. Жоспар бойынша осы жылдың төртінші тоқсанында іске қосылып, алғашқы өнім тұтынушыларға жеткізіле бастайды. Кәсіпорынның ерекшелігі сол, әр кезеңнің үлгісіне сай сан түрлі дизайндағы және қажетті көлемде өнім шығарады. Жалпы құны 9,2 млрд теңге болатын инвестициялық жоба жүзеге асқан кезде, 200-ден астам адам тұрақты жұмыс табады. Әрі қажетті шикізат қоры толықтай жергілікті жерден алынбақ. «Көп ұзамай отандық нарықтағы өнімнің шетелдік баламасы өзімізде өндірілетін сапалы бұйыммен ауыстырылады» дейді мамандар. Алдымен ел аймақтарының сұранысын қамтып, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі арқылы алыс-жақын мемлекеттерге экспорттау көзделіп отыр.

Төрехан Жұмағұл, «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бас менеджері:

-Жобаның маңыздылығы - бұл Батыс Қазақстанда теңдесі жоқ өнім шығаратын зауыт болады. Жоспар бойынша өнімнің көп бөлігі Ресейге, шет мемлекеттерге экспортталатын болады. Ол өз кезегінде, өзіміздің еліміздің, өңіріміздің салық төленуі, жаңа жұмыс орындарының ашылуына себеп болады.

Хабар 24 телеарнасы