386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


500-ге жуық ақтөбелік тұрғын латын әліпбиін меңгереді

  • 147
  • UPD: 08:38, 16.07.2019
500-ге жуық ақтөбелік тұрғын латын әліпбиін меңгереді

Қыркүйектен бастап 500-ге жуық ақтөбелік тұрғын латын әліпбиін меңгереді.

Қазір облыстық тілдерді дамыту басқармасына қарасты оқыту орталығында арнайы бөлме жасақталған. Дәріс беретін мамандар да дайын. Олар бірнеше ай бойы тренингтен өткен. Латын қарпін меңгеретін адамдардың басым көпшілігі - мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет және халыққа қызмет көрсету саласының өкілдері. Ақтөбеден өзге өңірдегі алты ауданда да оқыту курстарын ұйымдастыру көзделіп отыр.

Ақмарал Сүгірбаева, тілдерді оқыту орталығының әдіскері:

- Курс барысында тыңдаушылар, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдылары бойынша білімдерін меңгеретін болады және де  сол курс аясында бірнеше рет диктант жұмысын жаңа графикада жазады. Оқу жылдамдықтарын арттыру мақсатында оқылым жұмыстарын орындайтын болады. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.

Хабар 24 телеарнасы