389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында «Нұрлы жер» бойынша 330 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

  • 279
  • UPD: 12:11, 16.07.2019

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл Қостанай облысында 330 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі.

Көрсеткіш былтырға қарағанда, 10 процентке артық. Тұрғын үй құрылысы жоспарын іске асыру аясында Қостанай қаласының өзінде бос тұрған 15 аумақ бар. Солардың бірі Әуежай шағын ауданы. Жоспарға сәйкес, бұл жерде 41 үй тұрғызылады. Ал қазір 31 көпқабатты баспана бой көтерген. Жаңа ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстары келесі жылы толығымен аяқталады.   

Анар Баямбетова, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы:

- Бірінші жарты жылдықта 170 мың шаршы метр баспана тұрғыздық. Жыл сайын тұрғын үй құрылысы өсімін 10 процентке жеткізу мақсаты бар. Яғни жылына 3500-нан 4500-ға дейін шаршы метр салынады.

Хабар 24 телеарнасы