426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түрмеде жазасын өтеушілерді белгілі бір кәсіпке бейімдеудің маңызы зор

  • 811
  • UPD: 12:30, 16.07.2019

Солтүстік Қазақстан облысында бас бостандығынан айырылғандар кәсіби білім алып, жұмыспен қамтылуда. Бүгінде жаза басып жаңылғандардың 98 проценті екі қолға бір күрек тапқан. 

- Бір тәулікте 20-дан аса фартук тігеміз. Заказ болады 300-ге дейін бір айға.

Әсел Мәркен жаңылып жаза басқан жандардың бірі. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Тігіншілікке икемі бар азамат темір тордағы өмірін текке өткізбеуге тырысады. Тіпті «бостандыққа шыққанда өз кәсібімді ашсам» дейді.

Әсел Мәркен, жазасын өтеуші:

- Қандай болса да, өмір ағымынан қалыспай жұмыс істеп жүрміз.  Жалақымыз жақсы. 29 мыңнан 50-ге дейін барады. Үйге жібереміз. Өтемақымызды сот үкімі бойынша 50 пайыздан төлеп отырамыз ай сайын. Істеген қателігімді түсіндім. Осы жұмысты әрі қарай жалғастырамын.

- Вот это  двухметровки помидоры. Неограниченный рост помидоров. Это еще с января месяца.

Түзету мекемесінде жаңа кәсіп меңгергендердің бірі Олеся Русак. Қаңтар айынан бастап ол көкөніс өсірумен айналысады. Жарты жылдың ішінде шағын ғана жылыжайдан жарты тоннаға жуық өнім жинапты.

Олеся Русак, жазасын өтеуші:

- Өз жұмысыңа жауапты болсаң, міндетті түрде оның жемісін көресің. Мына өсімдіктердің барлығы ерекше күтімді қажет етеді. Қажырлы еңбектің арқасында қысы-жазы жақсы өнім алудамыз. Енді осы жерде тағы екі жылыжай салынады деген жоспар бар.

Бүгінде темір тордың ар жағынан 6 кәсіпкер өз өндіріс ошағын ашқан. Олардың қатарында тіпті қоян шаруашылығына ден қойғандары да бар.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Сондай-ақ биылдан бастап, әйелдер колониясында қояндар да өсіріле бастады. Ақпан айында олардың бесеуін әкелген екен. Қазір бұлардың саны 60-тан асқан.

Солтүстік Қазақстан облысында 5 түзеу мекемесі бар. Оларда 645 адам жазасын өтейді. Бүгінде шалыс басқандардың 98 проценті екі қолға күрек тапқан.

Қанат Сүлейменов, ЕС 164/6  түзету мекемесі бастығының орынбасары:

- Осында білім алып, білікті маман болып шыққандарды кәсіпкерлердің бірі тұрақты жұмысқа қабылдайды. Бостандыққа шыққан кезде тіпті жатақханамен де қамтамасыз етеді. Сондықтан жазасын өтеушілердің көбі өздерін жақсы жағынан көрсетуге тырысуда.

Жазасын өтеушілерді белгілі бір кәсіпке бейімдеудің маңызы зор. Себебі бұл темір тордан босап шыққандардың еңбек нарығында өз орнын табуға септігін тигізері сөзсіз.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы