386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі қоғамдық көлікте бала мен қарияға арналған жеңілдік алынып тасталды

  • 165
  • UPD: 15:40, 16.07.2019

Өскемендегі кейбір  қоғамдық көліктердегі жеңілдік жойылды. Нақтырақ айтқанда бұған дейін 7 мен 15 жас аралығындағы және 70-тен асқан қариялар жол жүру бағасының жартысын төлейтін.

Енді  бұл  тариф жалпыға бірдей етіп  теңестірілді. Қазір қаладағы қоғамдық көліктерде билет бағасы 90 теңге. Өскеменде бүгінде  ірі 10 автопарк бар. Ал жеңілдікті жолаушылар нөпірі ең көп бағытқа қызмет көрсететін 2 автопарк ғана алып тастаған. Басқа тасымалдаушы компанияларда жеңілдік сақталып отыр. Бағаны көтерген автопарк жетекшілерінің сөзіне сенсек, қосалқы бөлшек, жанармай және техникалық қызмет көрсету бәрі қымбаттаған. Сондықтан жеңілдікті алып тастауға мәжбр болған. Дегенмен, Өскемен қаласының әкімідігі  бұл автопарк басшыларына  қоғамдық тасымалдау туралы заңды бұзғаны туралы хабарлама ғана жіберген. Енді  ол компаниялармен келісім шартты бұзу туралы шешім қабылдады.

Әлібек Тұрсынбетов, қалалық әкімідіктің баспасөз хатшысы:

- ҚР-ның заңында жазылған. Олар 7-15 жас аралығындағы балаларға 50% жеңілдік болу керек. Сол себепті жеңілдікақыны алып тастағаннан кейін келісімшарт бұзылды. Қазіргі кезде бізбен  толықтай іс-шаралар қарастырылып жатыр. Бұл мәселені халыққа тиімді қылып шешу үшін.

Хабар 24 телеарнасы