386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «Кедергісіз қала» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады

  • 145
  • UPD: 14:48, 16.07.2019
Оралда «Кедергісіз қала» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады

Жергілікті әкімшілік облыс орталығындағы бүкіл темір қоршауларды алып тастап, орнына жасыл желек егуге шешім қабылады.  

Бұл сонымен қатар жаяу жүргіншілердің де жүрер жолын кеңейтіп, шаһардың көріктене түсуіне де мүмкіндік береді. Ал басты көзделген мақсат тұрғындар, қала қонақтары мен туристерге қолайлы әр қауіпсіз орта қалыптастыру. Алдыңғы кезекте металл қоршаулар мен бетон қабырғаларды алып тасату орталықтағы 6 көшеден басталады. Осыдан 10 жыл бұрын темір қоршаулар тұрғындардың рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтуіне орай қойылған болатын.

«Қазір қоғам өзгерді, көпшіліктің де  жеке мәдениеті қалыптасқандығына үміт артамыз» дейді әкімшілік өкілдері.   

Роман Жұмиев, қалалық ТКШ бөлім басшысы:

- Қоршау алынып тасталған жағдайда,  оның орнынан көгалдандыру бағытында «тірі қоршаулар» дейді ғой, живая изгородь соларды орнату мүмкіндіктері қарастырады. Сонымен қатар,  қаланың басқа да эстетикалық түрін жақсарту мақсатында жаңа мүміндер қою сияқты  түрлерімен алмастыру жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы