Нұр-Сұлтан қаласы Арыстағы 59 көпқабатты және 600 жеке тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның 87-сінде жөндеу жұмыстары аяқталып бітті. Бүгін бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мердігерлермен кездесу кезінде айтты.
Айта кету керек, Арыстағы жойқын жарылыстың салдарынан көп үйдің шатырлары құлап, терезелері мен есіктері сынған. Қазір мұндағы жөндеу жұмыстарына 32 құрылыс компаниясы тартылды.