386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО тұрғындарына кімдердің несие қарыздары кешірілетіндігі түсіндірілді

  • 326
  • UPD: 23:58, 16.07.2019

Батыс Қазақстан облысында 80-нен астам тұрғын Ұлттық банк филиалының қоғамдық қабылдауында болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар несие бойынша қарыздарын кешіру мәселесіне қатысты ақыл-кеңестер алған. Естеріңізде болса, мемлекет басшысы тұрмысы төмен отбасылардың несие өсімінен пайда болған қарыздарын кешіру туралы жарлық шығарған болатын. Осыған орай кепілсіз және тұтынушылық несие алған жандардың 300 мың теңгеге дейінгі қарыздары кешіріледі. Бұл санатқа көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар енеді. Бүгінде өңірде 6,5 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алады. 

1 маусымға дейінгі деректер бойынша облыс тұрғындарының қаржы институттарына қарызы 92 млрд теңгеге жуықтаған. Соның ішінде қайтару мерзімі өтіп кеткен несие көлемі 5,5 млрд теңгеден асып кеткен. Шағын несие беруші ұйымдар қазірдің өзінде несие қарызы өтелетін борышкерлердің тізімін жасақтап үлгерді.  

Нұржан Қалдыбеков, ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалы директорының орынбасары:

– Ең бастысы, қазір тізімді белгілеу. Сол тізімнің ішінде президенттің жарлығына сәйкес тұлғалар бар ма, жоқ па? Егер олар жататын болса, банктер немесе микроқаржы ұйымдары өздері хабарласып айтады. Сондықтан банктерге барудың қажеті жоқ. Мысалы, кейбір қарыздар коллекторлық компанияларға берілсе, онда банктер өздері жұмыстанып, дәлелдеп, содан кейін шешіледі.

Хабар 24 телеарнасы