387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


И.Сауэр: Бағдарламаларды іске асыру үшін жауапкершілікті арттыру керек

  • 227
  • UPD: 23:58, 16.07.2019

Мемлекеттік бағдарламаларды тиімсіз жүзеге асырғаны үшін мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – жарты ғасырға жуық ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген Иван Сауэрдің пікірі. Оның айтуынша, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға жауапсыз қарауға болмайды. Онсыз еңбек өнімділігін 2,5 пайызға арттыру мүмкін емес. «Осы мәселені Үкімет отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та көтерді», – дейді Иван Сауэр.

Иван Сауэр, шаруа, Қазақстанның Еңбек ері:

– Біздің ауыл шаруашылығының әлеуетін толық пайдаланбайтынымыз қынжылтады. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында мол тәжірибе жинады. Бірақ оны тиімді пайдалана алмай отыр. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтты. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін жақсы бастамалар қолға алынған. Алайда оларды орындауда салғырттық танытып жатқандар бар.

Хабар 24 телеарнасы