386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ақжайық» резерватында 23 гектар жер жанып кетті

  • 210
  • UPD: 23:57, 16.07.2019
«Ақжайық» резерватында 23 гектар жер жанып кетті

Атырау облысындағы «Ақжайық» табиғи қорығы аумағынан өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше кешкісін ондағы қураған қамыс найзағайдан тұтанып, соңы өртке ұласты. Салдарынан 23 гектар жер жанып кетті. Оқиға орнында қорық қызметкерлерімен қоса Төтенше жағдайлар департаментінің 62 маманы мен 15 арнаулы техникасы сөндіру жұмыстарын жүргізді. Өрт негізінен батпақты аймақта болғандықтан, техникалардың қозғалысына айтарлықтай қиындық келді. Соған қарамастан апат ауыздықталды. Бұл – жыл басынан бері қорық аймағанда тіркелген төртінші өрт оқиғасы.

Ғани Ағыбаев, «Ақжайық» табиғи резерватының мемлекеттік инспекторы:

– Қазіргі уақытта өрт ошағы толықтай жойылды. Мемлекеттік инспекторлармен өртенген аумақта күзет ұйымдастырылуда. Әрі қарай өрт жалғасып кетпесі үшін. Сонымен қатар өртенген аймақта күйген аң-құстар табылған жоқ. Жануралар дүниесіне ешқандай залал келген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы