386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісмендер Оралдағы баспананың уақтылы әрі сапалы салынуының маңызына тоқталды

  • 178
  • UPD: 23:57, 16.07.2019
Мәжілісмендер Оралдағы баспананың уақтылы әрі сапалы салынуының маңызына тоқталды

1 қыркүйекке дейін баспана мәселесіне байланысты барлық бағдарламалар біріктірілуі, осыған қатысты нақты ұсыныстар әзірленуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – мемлекет басшысының кешегі өткен келелі кеңесте Үкіметке берген тапсырмаларының бірі. Жалпы алғанда, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша алғашқы жарты жылда елімізде 5,7 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылыпты. Қазір Оралда 17 көпқабатты үй, ал облыс аудандарында 119 бір пәтерлік үй салынып жатыр. Тұрғын үй құрылысы мен оған қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге өңірде 11 млрд теңге қаржы қаралған.

Бүгін қаладағы құрылыс қарқынымен танысқан Мәжіліс депутаттары баспананың уақтылы әрі сапалы салынуының маңызына тоқталды. Апатты үйлердің мәселесін шешудегі оң өзгерістерді атап өтті.

Шавкат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Ерекше айтып кететін жағдай, соңғы уақытта көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге назар аударылуда. Арнайы Елбасы тапсырмасы бойынша жыл сайын 50 млрд теңге қаражат бөлінетін болды. Сол жеті жыл бойынша 350 млрд теңге нақты тікелей көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге жұмсалады. Бұл үшін біз заңдарға тиісті, қажетті өзгерістер енгіздік. Осы бағдарлама қаламызда да іске асып жатқаны бізді қуантып отыр.

Хабар 24 телеарнасы