386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде аптап ыстық апта соңына дейін сақталады

  • 286
  • UPD: 23:56, 16.07.2019

Қазақстанда аномальды ауа райы әлі бірнеше күн сақталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің көптеген өңірінде сынап бағанасы қазірдің өзінде 40 градустан асты. Тіпті төтенше жағдайлар қызметі бірқатар облыста ауа температурасы тағы да көтеріледі деп ескертеді.

Төтенше жағдайлар қызметі Ақмола облысында сынап бағанасы 38 градусқа дейін көтеріледі деп ескертеді. Жалпы аномальды күн райы антициклон мен Ираннан келген ыстық ауа массаларына байланысты. «Сондықтан аптап ыстық алдағы үш күн бойы сақталады», – дейді синоптиктер

Лаура Сайлыбаева, «Қазгидромет орталығы» РМК жетекші инженер-синоптигі:

– Еліміздің батысында жаңбыр жауып, ауа температурасы сәл төмендегенімен, алдағы күндері бұл өңірлерде күн тағы да ысиды. Жалпы, осы аптаның соңына дейін ауа райы Қазақстан бойынша тағы 2-7 градусқа жоғарылайды деген болжам бар.

Аптап ыстық ғимараттар мен үйлердегі энергияны көптеп пайдалануға әкелді. Электр қуатын тұтыну өткен айға қарағанда 26 мегаватқа асыпты. Бірақ аномальды күн райы жылу электр орталығы мен электр қуатын тарататын компаниялардың жұмысына кері әсерін тигізген жоқ. «Күн өтіп ауырған адамдар да көп емес», – дейді дәрігерлер.

Сара Аяпберген, дәрігер:

– Аптап ыстық салдарынан ауырған адамдардың саны көбейген жоқ. Жаппай эпидемия басталды деп айтуға келмейді. Жағдай тұрақты. Мұндай күн райында жеміс-көкөніс, көк шай ішуге кеңес береміз. Түскі уақыттан кешке дейін далаға шықпаған абзал.

«Аптаның соңында аптап ыстық басылады», – дейді синоптиктер. Шілденің 19-ы ауа температурасы сәл де болса төмендемек.

Авторлары: Ж.Біркенов, Д. Исатай және Е.Қанапияұлы

Хабар 24 телеарнасы