386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда электрлі самокатқа қатысты талап күшейеді

  • 319
  • UPD: 23:55, 16.07.2019

Соңғы кезде самокатқа қатысты дау көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі доңғалақты қозғалыс құралының қолдануға байланысты ережелер нақтыланбаған. Бекітілген бірақтар тәртіп бар. Бірақ оның өзін көпшілік ескере бермейді. Салдарынан жолдағы апаттар жиіледі, жарақат алушылар көбейді, тіпті, адам өліміне әкелген жағдайлар да бар.

Алматы. Шілде. Самокат пен автобус жүргізушілері арасындағы айқас. Салдарынан қос тарап та жарақат алды. Қылмыстық іс қозғалды. Өкініштісі сол, соңғы кезде дәл осындай жағдайлар еліміздің басқа қалаларында да қайталана бастады. Өйткені электрлі самокаттарға қатысты нақты ереже жоқ. Қолданыстағы заңда олар жеңіл мотоциклге теңестірілген. Бірақ соның өзінде жолда келеңсіз жағдайлар көбейіп, соңғы қайғылы аяқталып жатыр. Осыған байланысты көпшілік самокатқа байланысты талаптардың бөлек қаралғанын талап етуде.

Әрине, ІІМ самокатты қолдануға үзілді-кесілді тыйым сала алмайды. Бірақ оның қолданысына қатысты талаптар бөлек қаралатынын алға тартады. Әсіресе қоғамдық пікірлер де ерекше ескерілмек. Өйткені самокат мәселесі тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде бас ауруға айналып отыр. Тіпті жуырда Францияда осы құрылғының қатысуымен болған жол апаты адам өлімімен аяқталды. Сондықтан отандық мамандар халықаралық тәжірибені жіті ескеріп және Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен ақылдаса отырып нақты шараларды қолға алмақ.

Әлібек Кеңесбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

– Қазіргі жолда жүру ережесінде электрлі самокат мопедке теңестірілген. Сондықта, оларға велосипед жолақтарымен және жолдың жиегімен жүруге болады. Ал қараңғы уақытта шамдарын жағып жүру керек деген сияқты талаптар бар. Бірақ соңғы жағдайлар оны нақтылау керектігін байқатып отыр.

Иә, мәселенің бәрі самокаттардың қозғалысын реттеу мен бақылауда болып отыр. Өйткені электрлі самокаттарды басқару үшін жүргізуші куәлігі қажет емес. Яғни иесі арнайы оқудан өтпейді. Бұған қоса қозғалыс құралының техникалық жағдайына байланысты да сұрақ көп. Отандық мамандар бұл жағдай ә дегеннен реттеле қоймайтынын ашық айтты. Өйткені самокат – жаңа, яки заманауи қозғалыс құралы. Сәйкесінше оған қатысты талап-ережелер де белгілі бір уақыт өте және біраз тәжірибенің арқасында қалыптасады.

Авторлары: Аслан Қаженов, Бақытбек Нұртаев

Хабар 24 телеарнасы