386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста Сібір жарасы обасын жұқтыру қаупі жоқ

  • 243
  • UPD: 23:55, 16.07.2019

Қала аумағында орналасқан мал қорымдарында Сібір жарасына қатысты ешбір дерек анықталмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін бұл туралы Арыс қалалық аумақтық инспекция басшысы Өмірқұл Омаров мәлімдеді. Арыста жалпы 2 қорым бар. Бірі – Дермене, екіншісі Қожатоғай ауылдық округі аймағында орналасқан. Екеуі де сала мамандарының қатаң бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда еліміздің Қорғаныс министрлігінің саперлері қала маңынан жұқпалы ауру малдар тасталған қорымдардың табылғаны туралы хабарлаған болатын. Сондай-ақ баспасөз жиынында Арыстағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтылды. Қала әкімі Мұрат Қадырбектің айтуынша, шаһарда 1 мың 103 үй толықтай жөндеуден өтіп, тұрғындар баспанасына қоныстанған. Ал арыстықтарға келер аптадан бастап 100 мың теңгеден бір реттік көмек өтемақысы  беріле бастайды. Шаһарды қалпына келтіруге бүгінде 6 мыңға жуық құрылысшы тартылған. 17 секторда жалпы саны 194 құрылыс компаниясы, 245 дана техника жұмыс жасауда. 62 әлеуметтік нысанда жөндеуге 1617 құрылысшы жұмылдырылды.

Өмірқұл Омаров, Арыс қалалық аумақтық испекция басшысы:

– Халыққа да малға да қауіп жоқ. Мал жайылып жүр ол жақта. Ешқандай қауіп жоқ. Негізі мал Сібір жарасымен ауырып өлген. 1961-1962 жылдары болған екі ошақ. Сол екі ошақ ҚР кадастрында тіркелген. Біз оны ай сайын Арыс қалалық бюджетінен қаражат бөлініп, оны қоршауға алып, осындай жұмыстарды жыл сайын істейміз. Әр алты ай сайын топырақтан сынама аламыз. Оны ветеринариялық зертханаға тексертеміз.

Мұрат Қадырбек, Арыс қаласының әкімі:

– Арыс қаласында тіркелген әрбір азаматқа өтемақылар беріле бастайды. Қазір біз құжаттарды толығымен қабылдап жатырмыз. Бір аптадан кейін беріле бастайды. 97 пайыз тұрғындар құжаттарын толық өткізді. Қазір түгендеу жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы