386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 90 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж

  • 224
  • UPD: 23:54, 16.07.2019
Қазақстанда 90 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж

Бұл проблеманы Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы шешуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бағдарламаға сәйкес 2020 жылға дейін университеттер мен колледждерде оқитын 75 мың адам студенттер үйімен қамтамасыз етілмек. Ол үшін кәсіпкерлерге жаңа жатақханалар салудың тиімді тетіктері ұсынылды. Студенттерді баспанамен қамтуды табысты бизнес көзіне айналдыруға болады. Мемлекет әр бір төсек орын үшін жылына 318 мың теңге төлеуге дайын. Бұдан бөлек балалардан алатын жалдау ақысы бар. Сондай-ақ шаштараз, дүкен, асхана секілді коммерциялық орындарды ашуға да рұқсат.

Алпамыс Сатыбалдин, «Қаржы орталығы» АҚ менеджері:

– Сіз жеке кәсіпкер ретінде жатақхана салсаңыз, бізбен келісімшартқа отырып, әрбір орынға 122 АЕК көлемінде ақша төлейміз. Мысалы, биыл 500 орындық жатақхана салып, келесі жылы оны пайдалануға берсеңіз, бір студентке 318 мың теңге төленетін болады. Жатақханада 500 адам тұрса, оларға 159,4 млн теңге төленеді. Төлеу мерзімі мемлекет тарапынан 8 жыл. 8 жылда 1 млрд 280 млн теңге жатақхана иесіне төленеді.

Хабар 24 телеарнасы