388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс қаласында 1172 үй қалпына келтірілді

  • 346
Арыс қаласында 1172 үй қалпына келтірілді

Арыс қаласында 15 шілдедегі жағдай бойынша 1172 үй қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Жұмыстар 4504 жеке тұрғын үй құрылысы және КПТҮ нысандарында жүргізілуде.

Қаланы қалпына келтіруге тартылған құрылысшылар саны 6159 адамнан асты.

Қаланың 17 секторында 250 бірлік арнайы техниканы тарту арқылы 197 құрылыс компаниясы жұмыс істейді.

Сондай-ақ 65 әлеуметтік нысан қалпына келтірілуде, онда 1746 құрылысшы жұмыс істейді.

Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев бастаған ИИДМ мамандары Арыс қаласындағы үйлердің мониторингін және құрылыстың барысын бақылауды күн сайын жүргізеді.

Елбасының және мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы