386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы тұрғындары қылмыстың бетін ашуға полицейлермен бірге атсалыспақ

  • 161
  • UPD: 09:46, 17.07.2019
Алматы тұрғындары қылмыстың бетін ашуға полицейлермен бірге атсалыспақ

Алматы полицейлері тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатудың жолын ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы полицейлері мегаполис тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас орнатудың тағы бір тиімді жолын ойлап тапты. Тамыз айынан бастап «INFOGOV» деп аталатын жаңа ұялы қосымша іске қосылмақ. Оны өз смартфонына  жүктеп алған әрбір тұрғын қаладағы заң бұзушылық туралы фактілерді фото, бейне немесе аудиожазбаға жазып, дәл сол сәтте полиция қызметкерлеріне жібере алады. Бұл жоба шаһарда болған әрбір заңбұзушылықты дер кезінде біліп отыруға және қылмыстың жан-жақты ашылуына сеп болады. «Бастысы, арызданушы азамат анонимді болып қалуға құқылы», - дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Арызданушы азамат өзінің аты-жөнін белгілемесе де болады. Бірақ бар мәліметті барынша салғаны жөн. Міндетті түрде барлық деректер бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, тиісті шешімдер қабылданады. Бұл мәлімттердің барлығы қаламыздағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыруға бірден бір себепкер болады.

 

Хабар 24 телеарнасы