386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік жұмыссыздарға бизнес жүргізу тәсілдері үйретіледі

  • 149
  • UPD: 09:54, 17.07.2019
Ақтөбелік жұмыссыздарға бизнес жүргізу тәсілдері үйретіледі

Ақтөбелік жұмыссыз жастар бизнес негіздерін игеруде. Елімізде «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бастау алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрақты жұмысы жоқ, әлеуметтік әлсіз топ өкілдері кәсіпкерлер палатасы жанынан білім алып, артынша жеке кәсібін бастауға мүмкіндігі бар. Бұл үшін 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік грант та қарастырылған. Қазір бағдарлама бойынша дәріс беретін оқытушылар дайындықтан өтуде. Ал, болашақ кәсіпкерлердің оқуы 24 шілдеден басталады. Негізінен тәжірибе жүзінде өтетін курстарға 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтар қабылданады. Екі апта ішінде теориялық сағаттардан бөлек өңірдегі үлгілі кәсіпорындардың жұмыстарымен де танысуға мүмкіндік бар.

Ербол Шыма, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері:

- Біздің негізгі жұмысымыз – әрбір қатысушыны бизнес жоспармен қамтамасыз ету. Қаржылық сауаттылықтың алғышарттарын түсіну керек. Өйткені кез келген кәсіпкер бірінші кәсібін жүргізген кезде осындай қарапайым заттарда қиыншылықтарға  тап болып жатады. Бұл жобаның бір ерекшелігі, тек мен секілді қарапайым бизнес-тренер емес, бізбен бірге психолог мамандар да жұмыс жасайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы