386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарызын төлеуге шамасы келмейтін азаматтардың борыш жүктемесін азайтуға қатысты ереже бекітілді

  • 177
  • UPD: 10:35, 17.07.2019
Қарызын төлеуге шамасы келмейтін азаматтардың борыш жүктемесін азайтуға қатысты ереже бекітілді

Үкімет қарызын төлеуге шамасы келмейтін азаматтардың борыш жүктемесін азайтуға қатысты ережені бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет бір борышкердің 300 мың теңгеге дейінгі берешегін өтеуге көмектеседі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай несиелік рақымшылық тек бір реттік акция ретінде ғана өтетінін айтты.

Еркінбек Әмірғалиев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры:

- Үкіметтің бұл қаулысында халықтың қай топтары үшін жеңілдіктер қарастырылғаны көрсетілген. Бұл көп балалы, мүгедек балалары бар отбасылар, мекенжайлық әлеуметтік көмек алушылар, асыраушысынан айырылған жанұялар және тағы да басқалары. Құжатта қарызды кешіру тетіктері де жазылған.

Хабар 24 телеарнасы