386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастарға бәсекеге қабілетті білім беру керек - Қырықбай Алдабергенов

  • 129
  • UPD: 10:40, 17.07.2019
Жастарға бәсекеге қабілетті білім беру керек - Қырықбай Алдабергенов

Жастарға бәсекеге қабілетті білім беру керек. Тарих ғылымдарының докторы Қырықбай Алдабергеновтің пікірі осыған саяды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, күні кеше ғана Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында жастарды баспанамен қамтамасыз ету, көп балалы отбасыларға көмектесу, медициналық қызмет сапасын арттыру сияқты әлеуметтік маңызы зор мәселелерді көтерді.

Қырықбай Алдабергенов, тарих ғылымдарының докторы:

- Президентіміздің өзі айтты, ең басты мәселе – халық. Егер халықтың әлеуметтік жағдайы жақсы болса, онда біздің мемлекеттік деңгейіміз де, сыртқы жағдайымыз да жақсарады. Мәселелерді, әрине, бірден шешіп тастау да оңайға соқпайды Бірақ осы мәселелерді қолға алып жатқандығы осы мәселені Президенттің өзі көтеріп жатқандығы халықтың көңіліне демеу деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы